Алматыда азаматтың басына оқ тиіп, аман қалған
Алматыда азаматтың басына оқ тиіп, аман қалған
©Сурет интернеттен алынды
144
оқылды
Дәрігерлер оған күрделі операция жасап, науқастың бассүйегінен оқ алып шықты. Бұл жайында қаланың қоғамдық денсаулық басқармасына хабарлады. Науқас 16 шілде күні  №4 қалалық аурухананың қабылдау бөліміне түскен. Ер азаматтың жасы - 38-де. Оны жедел жәрдем бригадасы жеткізген. Оның сол жақ маңдайы мен самай жағы қансырап тұрған. Науқас басының айналып, сол жақ көзі нашар көріп тұрғанын айтқан. Дәрігерлер оның миы зақымданғанын және бөгде зат, яғни оқтың барын анықаған. Оқ сол жақ самайы мен маңдай бөлігін сындырып өткен. "Жарадан көп қан кеткендіктен ер адам шұғыл түрде анестезия, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Операция 2 сағат 50 минутқа созылды. Бас сүйегінен оқты шығару - күрделі жұмыс. Нейрохирургтер мидың зақымдану қаупін және оның маңызды функцияларын ескерді. Дәрігерлер операциядан кейін ағзаның барлық мүшесі мен жүйелерінің жұмысын барынша қалпына келтіруге тырысты", - деді №4 Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургі Тимур Айтмұханов. Ота сәтті өтіп, науқас есін жиды.