Тұрғындар тілегі тыңдалды
Тұрғындар тілегі тыңдалды
173
оқылды

Nur Otan партиясы Жуалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті.

Қабылдауға партия аудандық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары А.Ахметова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К.Төреқұлов жә­не БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу ке­­­­зінде ау­дан тұрғындары Мамлякат Ис­маи­лова мен Тұрсынкүл Күздібаева Б.Мо­мышұлы ауылы Б.Үсенов атын­дағы көшенің бас жағындағы үй­лерге ауызсу жетпей отырғанын ай­­тып, мә­селені аяқсыз қалдырмауды сұрады.

Тұрғындардың сауалына «Жуалы су» мекемесінің басшысы жауап бер­ді. Ол өз кезегінде көшеге 2018 жылы ауыз­­­судың тартылғанын айтты. Алай­­да жоғарыдағы арыз иелерінің тұр­ғын үйлері жаңадан салынғаннан кейін жал­пы жүйеге қосылмай қа­лыпты. Ен­ді бұл үйлерге ауызсу тарту жос­пар­ға ен­гізіліп, апта соңына дейін мәселе оң ше­шімін табатын болды.

Қазіргі кезде Жуалы ауданында ауыз­­су тұтынушылардың саны 4 235 адам­ға жеткен. Биыл тағы 1 000-нан аса адамды ауызсумен қамту жос­пар­ланып отыр. Бүгінде бұл жоспардың 57 пайызы орындалды. Сондай-ақ, ау­данда арнайы суды үнемдеу мақса­тын­да ауызсу қолданушыларға су есеп­тегіш құралдары орнатылып жа­тыр. Жалпы аудан бойынша 1 240 үйге есептегіш құрал қойылған.

Аудандық филиал жанындағы қо­ғам­­дық қабылдау бөлмесіндегілер тұр­ғындар орталыққа өздерін толған­дыр­ған мәселелері бойынша өті­ніш-талаптарымен келетінін, олардың кей талаптары бойынша түсіндіру жұмыс­тары да жүргізіліп отыратынын айта­ды. Алдағы уақытта ауылдық округ­тер­де де қабылдаулар өткізу жоспарда тұр дейді шараны ұйымдастырушылар.

 

Жамбыл облысы