Олардың екеуі үшіншісін құтқармақ болған, алайда қолдарынан келмеді. Бұл жайында ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға Жаңажол ауылының маңында Есіл өзенінде болған. Судың тереңдігі - 1,5 метр. "1996 жылңы бозбаланың суда аяғы тартылып, тереңірек жерге ағын әкеткен. Оны көрген 2001 және 2002 жылғы достары оған көмектеспекші болған. Өкінішке қарай, үшеуі де суға кеткен. Олар тереңдігі екі метрден асатын шұңқырға бтып кеткен", - деп хабарлады құтқарушылар. Суға кеткендердің денесі тек келесі күні табылды. ІІМ ТЖК өкілінің хабарлауынша, шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстанда 122 адам суға кеткен. Оның 19-ы соңғы төрт күнде қаза тапқан. "Көбіне адамдар суға шомылуға жабдықталмаған жерлерде батады. Онда кейде үйінділер, бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар бар Соның кесірінен адамдар қайғылы жағдайға ұшырауда", - делінген хабарламада.