Қабаған ит иесін шайнап тастай жаздады

Қабаған ит иесін шайнап тастай жаздады

Қостанай облысында учаскелік инспектор ер адамды қабаған Кавказ төбетінен құтқарды. 46 жастағы Евгений Жук 11 шілдені өзінің екінші туған күні деп санайды. Ол енді есін жиып, өзін өлімнен құтқарған учаскелік аға инспектор Данабек Игембердиевке, аңшы Александр Халыкқа алғысын білдірді. "Олардың көмегінсіз мені өз итім - Кавказ овчаркасы шайнап тастар еді", - дейді Евгений Жук. Ол Лисаков қаласының жанындағы Октябрь кентінде тұрады. Төбетті 3 жыл бұрын сатып алыпты. "Үйдегі жұмыстармен жүрдім. Кенеттен ит маған жүгіре кетті. Не болғанын түсінбей қалдым. Ит мені қапқан кезде есімнен айырылдым", - деді ол. Евгений Жуктың жанайқайын естіген әйелі Ирма  үйдің ауласына жүгіріп шығып, итті күйеуінен сүйреп әкетуге тырысқан. Ит оны да қауып алыпты. Соған қарамастан Ирма төбеттен қашып құтылып, көмек  шақырған. "Мен учаскелік полиция қызметкерінің нөмірін теріп, күйеуімді ит шайнап тастайды деп айғайладым", - дейді Ирма. Оқиға орнына келген учаскелік инспектор Данарбек Игембердиев, жақын маңда тұратын аңшыны ертіп әкелген. Ол итті атып тастады.