Дәрігерлерге көмек жалғасуда
Дәрігерлерге көмек жалғасуда
Маңғыстау облы­сы­на қарасты Қарақия ауданы әкім­дігінің ұйым­дастыруымен «Nur Otan»  партиясы аудандық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Қыйлымғали Кө­ше­нов пен аудан кә­сіпкерлері бірлесіп, медицина қыз­меткерлері жай­ғасқан Ақтау қала­сындағы «Ар­ман» қонақүйіне  кө­мек жет­кіз­ді. Науқастарды ем­деп жатқан ақ  халаттыларға күн­де­лікті қажетті сүт өнімдері мен кө­көніс, жеміс-жи­дектің мол қо­рын табыстады. Мұнда 45 меди­ци­на маманы бар. Сонымен қатар шара аясында «Мұнай­ТелеКом» ЖШС-нің қол­дауы­мен 60 дәрігер ор­наласқан Silkway қонақүйіне азық-түлік жеткізілді. Қысылтаяң кезде алдыңғы шеп­­те жүрген медицина қызмет­кер­­леріне көмек көрсету мұнымен тоқ­тап қалмай, әлі де жалғасын тап­пақ.  

Мадияр ТӨЛЕУ

  Mangistay 1