Маңғыстау облысына қарасты Қарақия ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қыйлымғали Көшенов пен аудан кәсіпкерлері бірлесіп, медицина қызметкерлері жайғасқан Ақтау қаласындағы «Арман» қонақүйіне көмек жеткізді. Науқастарды емдеп жатқан ақ халаттыларға күнделікті қажетті сүт өнімдері мен көкөніс, жеміс-жидектің мол қорын табыстады. Мұнда 45 медицина маманы бар. Сонымен қатар шара аясында «МұнайТелеКом» ЖШС-нің қолдауымен 60 дәрігер орналасқан Silkway қонақүйіне азық-түлік жеткізілді. Қысылтаяң кезде алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне көмек көрсету мұнымен тоқтап қалмай, әлі де жалғасын таппақ.
Мадияр ТӨЛЕУ