Дертті бірлесіп жеңеміз!
Дертті бірлесіп жеңеміз!
172
оқылды
Коронавирусқа қарсы күрес ке­зінде дәрігерлерді қолдау мақ­са­тында Маңғыстау облыстық фи­лиалының «Jas Otan» Жастар қа­натының еріктілері Ақтау қа­ла­сында «Алғыс пакеттерін» тарату акциясын өткізді. Мұндай акция еліміздің өзге өңірлерінде қолдау тап­қан. Дәрігерлерге арналған тар­ту ішінде жеміс-жидектер, түр­лі тәттілер мен сүт өнімдері бар. Аймақтағы «Jas Otan» Жастар қа­натының төрағасы Наурызбек Мағдатов: «Маңғыстау облысы Ақ­тау қаласында коронавирусқа қар­сы дәрігерлер күн-түн демей да­мылсыз еңбек етіп жатыр. Осы дә­рігерлер, мейірбекелер Ақтау қа­ласы бойынша 6 қонақүйге  ор­на­ластырылған. Дәрігерлерге күн­делікті облыстық мәслихат де­путаттары, кәсіпкерлер, «Jas Otan» Жастар қанатының бел­сен­ділері мен волонтерлер жеміс-жи­­дектер, сүт өнімдері, түрлі тәт­тілерді әкеліп жүрміз. Басты мақ­сатымыз – дәрігерлерге алғыс ай­тып, осы бір қиын уақытта олар­мен брге екенімізді білдіріп, қол­дау көрсету. Біз бұл ауруды бір­лесіп жеңеміз деп сенемін. Дәрі­герлерге «Алғыс пакеттерін» даяр­лағанда олардың өтінішін ес­кердік», – дейді. Сонымен қоса, волонтерлер ертең демеушілердің көмегімен Облыстық ауруханаға 35 дана ауыр науқастарға арналған төсек орын (противопролежный матрас) тапсыратын болады.

М.ТӨЛЕУ