Ораққа дайын болайық
Ораққа дайын болайық
199
оқылды

Ауылшаруашылық өндірісін жаппай цифрлан­дыру қолға алына баста­ға­лы бірқатар іс тыңды­рылды. Осы жұмыстарды талқылау үшін жақында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров еңбек ардагерлерімен арнайы кездесіп, ақылдасты.

– Ауыл шаруашылығы өн­дірісін заманауи техно­логияларға көшіруді ынталандыру мақса­тында агроөнеркәсіптік кешен­ді цифрландыру шеңберінде «Цифр­лы фермалар» жобасын бү­кіл республика бойынша ау­қым­ды ету және мемлекеттік көр­сетілетін қызметтерді 100 па­йыз автомат­тан­дыруды қам­тамасыз ету жос­парланып отыр. 2022 жылға дейін 141 цифрлы ферма, оның ішінде интернет желісіне кеңжолақты қолже­тім­ділікті қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды ескере оты­рып, нақты егіншілік бойынша 98 цифрлы ферма құрылатын бола­ды. Бү­гінгі күні республика аума­ғында цифрлы деңгейде 27 ферма жұ­мыс істеп жатыр, оның 12-сі – нақты егіншілік бойынша фер­малар, – деді министр.

Сонымен бірге, басқосуда тиісті мамандардың тез арада бі­ліктілігін арттыру үшін Қазақ Ұлттық аграрлық университеті мен «Амиран агро» кәсіпорыны біріге отырып арнайы курс ашу жөнінде әңгіме қозғалды. Келелі кездесу жемісін беріп, универ­ситетте арнайы екіжақты келі­сімшарт жасалып жатқанын ес­тіп қуанып қалдық. Бұл – өте құп­тарлық іс.

Ақмола облысы өткен жыл­дан бері С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық универ­ситетімен бірлесе жұмыс істе­уінің арқасында биыл астықтан өткен жылғыдан 25 пайыздай артық өнім күтіп отыр­ғанын сол облыстың ардагер кә­сіпкері Амангелді Алиакпаров жеткізді. Ал Солтүстік Қазақстан облы­сы­нан келген Сапар Үсенов өз ша­руашылығынан 30 цент-нер­ден өнім алмағын айтты. Осын­дай жағдайлар Павлодар, Қа­рағанды облыстарында да жалғасуда. Біз кездесу кезінде астық кештеу пі­суіне байланысты, барлық өңірде астық қабылдау пункт­терін, ылғалды болған­дық­тан, астықты ұқыпты кептіріп, қой­маға құюға дайындалғаны абзал екенін министрге айттық.

Елімізде жетекші өсімдік шаруашылығы жақсы дамуына байланысты басқа салаларда да жұмыс нәтижелі болуы тиіс. Бұл тұрғыда сүт кешендері біршама жұ­мыс істеп келеді. Дегенмен же­ке секторлардан сүт өндіру мә­се­лесі әлі де толық жетіле қой­мағаны жасырын емес.

Ал ет өндіру саласында өңір-өңірде ет комбинаттарын ұйым­дастырып, фермерлерден ет өні­мін сатып алу жағдайлары сын көтермейді.

Бізде ірілендірілген он бірдің үстінде құс фабрикасы бар. Құс өнімдерін шығарумен қатар та­­уық қиымен табиғатты ластау қаупі туып отыр. Бұл фабрика­лар­­дан орташа есеппен жылына 200 мың тоннадай тауық қиы шығады екен. Бұл табиғатқа ашық түссе, экологияны – ма­ңайды улап жібереді. Ал осы­лар­ды ар­на­йы технологияны пай­даланып, органикалық тыңайт­қыш ретінде шығарса, барлық шаруашылыққа келісі мыңдаған теңге тұратын табиғи химиялық тыңайтқыштар орнына пайда­лан­са, табиғат та таза, ауылша­руа­шылық өнімдері де бағалы болар еді.

Бау-бақша шаруашылығы Оңтүстік өнірде жақсы дамып келеді. Түркістан, Жамбыл об­лыстары өнімдерін сыртқа шы­ғарып сата бастады.

Өткен жылдағыдай биыл да көктем ерте басталғанымен жер қызбай, аяғы созылып шықты. Бірақ соңына қарай ылғал бар­лық өңірге біршама түсуіне бай­ланысты егін бітік шықты.

Бүгінде оңтүстік өңірлерде астық түсімі өткен жылғыдан да жоғары көлемде жиылуда. Ал Орталық, Солтүстік өңірлер орақ­ты бір жарым айдай кеш бас­тауы мүмкін.

Енді алда қызу егін ору нау­қаны келе жатыр. Әрине барлық ауылшаруашылық өнімдері осы­ған байланысты болғандықтан науқанды ұйымшылдықпен жинақы жүргізу қажет.

Ол үшін егін ору техникасын, жанар-жағармайды алдын ала дайындаған жөн болар еді.

Шаруашылықтар егін ора бас­тағаннан, келесі жылдың тұ­қым үшін жаңа өнімді дайындап, құр­ғатып, құйып алғаны жөн. Соны­мен қатар сыртқа өткізетін таза ас­тық ең кемі үшінші са­нат­ты бол­са, бидайдың 1 тоннасын 400 дол­ларға дейін сатуға бола­тынын қарастырғандары дұрыс.

Теміржолда астық таситын вагондарды дайындап, сыртқа қанша тонна өнім жөнелтетінін есептеп топтастырған жөн.

Қорыта айтқанда, биыл 1,5 млрд пұт астық алуға ел бо­лып тал­пы­нып еңбек етейік дегім келеді.

 

Серік ТІЛЕУБАЕВ,
Ұлытау ауданының құрметті азаматы