Елордада көпірден секірген қыз құтқарылды
Елордада көпірден секірген қыз құтқарылды
фото: ашық дереккөз
186
оқылды
17 шілдеде елордада сағат 19:10-да көпірден секіріп кеткен бойжеткен құтқарылды. «Оқиға болған орыннан алыс емес жердегі жағалауда Азат Күшербаев пен Михаил Чижик есімді демалушылар болған. Суға алдымен Азат, одан кейін Михаил секірген. Олар суда қозғалыссыз жатқан бойжеткенді құтқару әрекетін жасаған», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз хабарламасында. Бұл уақытта «Тұлпар» көпірін күзетіп жүрген құтқарушылар судағы адамдарды көріп, оқиға орнына катермен барған. «Олар куәгерлермен бірге бойжеткенді судан алып шыққан. Су-құтқару бекетіне келгеннен кейін жедел жәрдем жеткенше бойжеткенге психологиялық және медициналық көмек көрсетілген. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, №2 қалалық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада. Хабарламада жазылғандай, бүгінгі күннің батырлары - Азат Күшербаев. Ол 1993 жылы туған, биден сабақ береді. Чижик Михаил - 1993 жылы туған. Жеке ұйымда инженер болып жұмыс істейді. Қайрат Жүсүпов - аға құтқарушы, Жігер Темірәли - Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-ның жедел-құтқару отрядының құтқарушысы.