Токио Олимпиадасының жарыс кестесі бекітілді
Токио Олимпиадасының жарыс кестесі бекітілді
фото: ашық дереккөз
241
оқылды
Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған Токио Олимпиадасының кестесі мен жарыс өтетін орындарды бекітті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлайды. Жарыс кестесі 2020 жылғы нұсқа негізінде бекітілді. Сондай-ақ, ХОК спортшылар жататын орын мен басты баспасөз орталығы және бродкастерлік орталықтың орналасу тәртібін белгіледі. Айта кетелік, Токио Олимпиадасы жоспар бойынша 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Наурыз айының аяғында ХОК пен Токио ойындарын ұйымдастыру комитеті індетке байланысты Олимпиаданы 2021 жылға ауыстырған болатын.