2020 жылғы 15 маусым мен 15 шілде аралығында магистратураға түсуге арналған Кешенді тестілеуге құжаттардың онлайн қабылдануы тағы 4 күнге ұзартылды. Магистратураға түсушілер 19 шілде сағат 23:59 дейін Кешенді тестілеуге тіркеле алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2019 жылы магистратураға түсу форматы өзгеріп, барынша ашық және әділ өтті. Оған магистратураға өз білімімен түскен бүгінгі күнгі магистранттардан келіп түскен оң пікірлері мен ризашылықтары толық негіз бола алады" - деп Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.Жалпы 2020-2021 жылдарға бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының саны – 13 300 құрып отыр. Осылайша, дайындығы жақсы талапкерлердің өз білімімен грантқа түсіп, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуға толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар, магистратураға түсушілер үшін бакалавриаттағы мамандықтардың сәйкестендіру кестесін алынып тасталғанын хабарлаймыз. Ол дегеніміз магистратураға түсушілерге арналған бакалавриаттағы мамандықтар тізімі талап етілмейтін болады. Кешенті тестілеуге келесі сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://pvo-zayav.testcenter.kz/login Барлық қосымша ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығынан алуға болады.