Коронавирус: жаңа рекорд тіркелді
Коронавирус: жаңа рекорд тіркелді
фото: ашық дереккөз
188
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 237 мыңнан астам жаңа жағдайды тіркеді. Мұндай деректер ұйымның ресми сайтында жарияланды. Ұйымның соңғы деректеріне қарағанда, тәулік ішінде 237 743 адам коронавирус жұқтырған, 5 682 науқас қайтыс болған. Осылайша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 13 616 593-ке жетті, 585 727  адам көз жұмды. Бұған дейінгі рекорд 12 шілдеде тіркелген. Ол кезде ұйымның есебі бойынша 230 мың жаңа жағдай анықталған. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 68 703-ке жетті. 42 388 науқас аурудан айықты, 375 адам қайтыс болды.