17 шілдеде Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармысының «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» «Алтын Жол Групп» ЖШС-мен пульсоксиметр сатып алу бойынша келісім-шарт жасаған. Онда бір пульсоксиметрдің бағасы 90 мың теңгеге бағаланған. Бұл туралы Zertteu Research Institute хабарлады. Келісім-шартқа сәйкес, 50 дана тауар 4 миллион 500 мың теңгеге жеткізіледі. Ал аппараттың нарықтағы бағасы 30-40 мың теңге шамасында. Тендердің техникалық ерекшелігі заң талаптарына сай келмейді. Онда тауардың толық сипаттамасы берілмеген. Сонымен бірге компания тікелей келісім-шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілін пайдаланған. «Алтын Жол Групп» ЖШС мемлекеттік сатып алу порталына 2020 жылы 16 шілдеде тіркелген. Бұл оның медициналық ұйыммен жасалған алғашқы келісім-шарты. Ол бойынша аталған мекемеге басқа да медицина тауарларын жеткізуі тиіс. Келісім-шарттың жалпы құны 30 миллион 720 мың теңгені құрайды. [caption id="attachment_58651" align="alignnone" > Zertteu Research Institute[/caption]