Бас қалада карантин тәртібін бұзған 144 жағдай тіркелді

Бас қалада карантин тәртібін бұзған 144 жағдай тіркелді

Тәртіп сақшылары, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері карантин режимін бұзу әрекеттерін анықтау бойынша рейдтік шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Нұр-Сұлтан қаласында 5 шілдеден бастап мобильді топтар карантин тәртібін бұзудың – 76 жағдайын, полицияның біріккен күштері – 68 жағдайын анықталды. Ереже бұзу туралы материалдар денсаулық сақтау саласының жергілікті атқарушы органы – тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Қазіргі уақытта мониторингтік мобильді топтардың саны - 8. Оларда 49 адам, оның ішінде полиция, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен еріктілер бар. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда жауапкершілік танытып, санитарлық нормаларды сақтауға, сондай-ақ карантин шаралары кезінде полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністік танытуға шақырады.   Індеттің таралуының алдын алу мақсатында полиция мен волонтерлер карантин режимін сақтау және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігі туралы тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар полиция ойын-сауық, қоғамдық тамақтану орындары, моншалар, сауналар, аттракциондарға барып, олардың иелеріне қолданыстағы карантин шаралары туралы