"СҚ-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиев бұрынғы басшылықтың жұмысы үшін кешірім сұрады
"СҚ-Фармация"  басшысы Ерхат Есқалиев бұрынғы басшылықтың жұмысы үшін кешірім сұрады
фото: ашық дереккөз
162
оқылды
"СК-Фармация" ЖШС жаңа басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев бұрынғы басшылықтың жасаған "қателері үшін" кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ерхат Есқалиев "Ел тірегі" YouTube-каналындағы тікелей эфирде өзінің тағайындалуы туралы айтты. "Тағайындау аяқ астынан болды. Бір жағынан осыған өмір бойы дайындалдым. Аз уақыт ішінде кешенді шаралар кешенін әзірледік. Тиімділігі аз болса да тез болған жеңістер. Шыдамдылық танытқан баршаңыздан кешірім сұрағым келеді. "СК-Фармацияның" бұрынғы басшылығы бір жерде байқамай қалуы мүмкін, біз дұрыс қарамаған шығармыз. Жүйе солай құрастырылған, бәрі қаулы, шешімге бекітілген, бұл - қиын", - деді Ерхат Есқалиев. Еске салайық, 10 шілдеде "СК-Фармация" ЖШС басқарма басшысы Берік Шәріп өтініш жазып, қызметтен босатылды. Бұл лауазымға Ерхат Есқалиев тағайындалған болатын.