Жасанды жолмен тыныс алуға қолданылатын аппарат алғаш болып Мақтааралға жеткізілді

Жасанды жолмен тыныс алуға қолданылатын аппарат алғаш болып Мақтааралға жеткізілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Инжиниринг" АҚ-ы жасап шығарған 10 өкпені жасанды желдету аппараты республикада ең алғашқы болып Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына жеткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысы Көкшетау қаласында өндірілген отандық өнімді 2 мыңға жуық шақырым жерден Мақтаарал ауданына алып келуге "Азала груп" компаниясы атсалысты. Жасанды тыныс алу аппараттары Мақтаарал аудандық "Мырзакент" ауруханасы мен "Атакент" ауруханасына табысталды. Айта кетейік, бұған дейін де "Азала груп" компаниясы медициналық бетперделер мен дезинфекциялық құралдарды тегін таратып, жергілікті халықтың алғысын алған болатын.