Сенбі күні таңертең Францияның батысындағы Нант қаласында орналасқан Әулие Петр және Павелдің шіркеуі өртенді, - деп хабарлайды РИА Новости. BFMTV телеарнасының хабарлауына қарағанда, өрт жергілікті уақыт бойынша таңертең сағат 07.30-да (11.30 Нұр-Сұлтан уақыты) басталған. Әзірге өрт себебі айтылмады. Тек болжам бар. Өрт-құтқару қызметі департаментінің директоры Лоран Ферлэнің айтуынша, өртті жүзден астам маман 45 өрт сөндіру көлігінің көмегімен сөндірген. Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10.00-де өрт сөндірілген. Нант прокуроры Пьер Сен өрт қасақана жасалуы мүмкін екенін атап өтті. Себебі соборда өрт үш жерден шыққаны анықталған. Әулие Петр және Павел соборы - Франциядағы ең ірі гот шіркеулердің бірі. Биіктігі - Париж құдай аналарының соборынан алты метр қысқа. Оның құрылысы XV ғасырда басталып, 457 жыл бойы жалғасқан. Еске салайық, былтыр 15 сәуірде Париждегі құдай аналарының соборы отқа оранды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Нотр-Дам соборында шыққан жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына көңіл білдірген еді. Бүкіл әлем жұртын тарихи ғимараттың өрті бей-жай қалдырмады.