Ақорда коронавируспен күреске бөлінген ақшаның ұрлануына қатысты мәлімдеме жасады

Ақорда коронавируспен күреске бөлінген ақшаның ұрлануына қатысты мәлімдеме жасады

Шетелдік гуманитарлық көмектің мақсатты және ашық жұмсалуына да тексеру жүргізіліп жатыр. "Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының лауазымды тұлғаларының бюджет қаржысын жымқыру, жекелеген тұлғалардың ірі көлемде медициналық бетперделерді сату, сондай-ақ, медицина мекемелерінің жекелеген басшыларының аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыруға тырысу деректері бойынша үш қылмыстық істі тексеріп жатыр", - деп хабарлады Ақорда.