Атырауға 26 миллион 450 мың теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді, деп хабарлайды atyrauoil.official . Ақпаратқа қарағанда қажетті дәрі-дәрмек Астрахань қаласынан жеткізілген. Осыдан бірнеше күн бұрын Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысхан халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы азаматтарға Үндеу жариялаған болатын. Abai.kz порталының жазуынша, аталған дәрі-дәрмектің өңірге жетуіне Иманғали Тасмағамбетов атсалысқан.