Шығыс Қазақстанда қозғалтқыштың қызып кетуі салдарынан АН-2 ұшағы бидай алқабына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды облыс әкімдігі. Ведомствоның хабарлауынша, 17 шілдеде Алтай ауданында АН-2 ұшағы бидай алқабына қонуға мәжбүр болған. «Ұшақ Өскемен қаласынан Алтай қаласына ұшып бара жатқан. Өскеменнен 40 шақырымға ұзағаннан кейін ауа температурасының жоғарылығына байланысты қозғалтқыштың температурасы тиісті параметрден асып кеткен. Төтенше жағдайға жол бермеу үшін экипаж қауіпсіз орынды таңдап алып, қонуға мәсжбүр болды. Қозғалтқын салқындағаннан кейін ол жерден ұшып шығу қауіпті екені белгілі болды. Топырақ жұмсақ болған соң ұшақтың аударылып қалу қаупі бар еді», - деді Шығыс Қазақстан облысының Авациялық бөлімшесінің директоры Виктор Губарев. Осыдан кейін экипаж автокөлік жолы арқылы ұшып шығу туралы шешім қабылдады. Виктор Губаревтың айтуынша, өтіп жатқан адамдар жол бойында бекет жасап, ұшақ әуеге сәтті көтерілген. Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.