Мемлекет басшысы: Әкімдер өткір мәселелерді тез шешудің, мемлекеттік саясатты азаматтарға түсіндірудің жолын білмейді
Мемлекет басшысы: Әкімдер өткір мәселелерді тез шешудің, мемлекеттік саясатты азаматтарға түсіндірудің жолын білмейді
фото: ашық дереккөз
158
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысты дұрыс жоспарламаудың салдары елдегі қазіргі қиындықтарға әкеп соқтырды. Статистика мен талдау жұмыстарындағы кемшіліктердің, тиімсіз жоспарлаудың кеселінен аймақтар қажетті дәрі-дәрмектің керекті көлемін айқындай алмай дал болып жатыр. Мемлекет басшысы проблеманың бәрі де жұмысты дұрыс жоспарламаудың салдарынан болатынын айтып, бұл бағыттағы кемшілікті – кәсібиліктің жоқтығының ерекше көрінісі деп бағалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Аймақтардағы шектеу шараларына қарамастан Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Шымкент қаласында отбасылық той-жиындар өтіп жатыр. Осыған байланысты Президент карантин режимін сақтау бойынша әкімдердің жұмысы әлсіз екенін атап өтті. «Әкімдерде, шын мәнінде, төтенше жағдайда жұмыс істеу тәжірибесі жоқ. Өткір мәселелерді тез шешудің, мемлекеттік саясатты азаматтарға түсіндірудің жолын білмейді», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес мәселелері бойынша селекторлық отырысында. Оның пікірінше, Үкімет мүшелері де, әкімдер де «өзін-өзі тыныштандыру мен өзін-өзі қанағаттандырудың тұзағына» түсіп қалған.