Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтылды. Алматының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаевтың айтуынша, аудан аумағында халық тарапынан маска режимін бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр «Бүгінде карантин режимін бұзуға қатысты 41 әкімшілік материал толтырылды. Олардың арасында 24 жеке тұлғаға маска кимегендері үшін және 14 кәсіпкерлік объектілеріне санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін жауапкершілік жүктелді. Жабық ғимараттардың кіреберіс есіктері мен көшелерге ақпараттық материалдар іліп қойғанымызға қарамастан, маска режимін бұзатын адамдар бар», — деді Бағлан Дәндібаев. Сондай-ақ, ол маска режимін бұзғандары үшін тұрғындардың айыппұл төлей бастағанын айтты.