25 миллион теңге айыппұл салынды
25 миллион теңге айыппұл салынды
5,181
оқылды

Түркістан облысының көлік­тік бақылау инспекциясы мен Түркістан облысының полиция департаменті, Түркістан облы­сы­ның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қар­масының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы жолдарға тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізілуде.

Іс-шара барысында 1 157 әкім­шілік құқықбұзушылыққа іс қозғалды, нәтижесінде, 24 мил­лион 891 мың теңге со­масын­да айыппұл салынды. Оның 22 мил­лион 956 мың теңгесі өндірілген.

Рейдтік іс-шаралардың ба­сым көпшілігі Төрткөл-Арыс ба­ғытында инертті материал­дарды (құм, тас, құмды шағал тас және т.б) тасымалдау және Бадам-Сарыағаш бағытындағы жолдарда жеміс-жидек тасымалы мен айналысатын транзиттік кө­ліктерге қатысты жүріп жатыр. Сон­дай-ақ жүк көліктердің ось­ке түсіретін салмағын ретке кел­тіру үшін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.

 

Түркістан облысы