Еңбекақысы сақталмаған демалыстағы қызметкерлер 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем алуы үшін жұмыс берушілердің өтініші қабылдана басталды, - деп хабарлайды 42500.enbek.kz сайты. «Өз қызметкерлері үшін өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 2020 жылғы 19 шілдеде 10:00 сағаттан басталады», - делінген хабарламада. Еңбекақысы сақталмаған еңбек демалысындағы қызметкерлер тізімін және олардың қағидалар талаптарына сәйкестігін жұмыс беруші белгілейді. Жұмыс беруші қағидалар талаптарын сақтамаған жағдайда қызметкер еңбек инспекциясының жергілікті органына жүгінуге құқылы.