Денсаулық кодексінде вакцинациялау міндетті және ерікті деп бөлінеді
Денсаулық кодексінде вакцинациялау міндетті және ерікті деп бөлінеді
©Сурет интернеттен алынды
182
оқылды
Халық денсаулығы және денсаулық  сақтау жүйесі туралы Кодекстің жаңа редакциясына енгізілген  өзгерістердің  бірі вакцинациялау туралы. Вакцинациялау, яғни инфекциялық ауулардың алдын алуда қолданылатын тиімді құрал. маманЖаңа Кодексте вакцинациялау міндетті және ерікті болып екіге бөлінген. Профилактикалық мақсатта егілетін вакциналар  кесте бойынша жүргізілсе және эпидемиялық көрсеткіштерге сәйкес жүргізілетін вакцина түрлері де бар. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қабылдауда топтағы балалардың ұжымдық иммунитетінің деңгейі есепке алынатын болады. Мысалы, әр инфекция  түрінде ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейі нормативтік актілермен бекітіліп, есептелетін болады. Ұжымдық иммунитет (популяциялық) - жеке адамның егілуі нәтижесінде, белгілі бір популяцияда инфекцияның таралуына қарсы тұру қабілеті. Вакцинация жеке адамда ғана иммунитет қалыптастырып қоймай, сонымен бірге пропуляциялық деңгейге әсер етеді.
  • -Тікелей (жеке адамға) әсері – егілген адамда инфекцияға қарсы иммунитет пайда болып, ауруды жұқтыру мүмкіндігін және аурудың асқынуларын төмендетеді.
  • -Вакцинацияның жанама пайдасы (популяциялық) - белгілі бір себептермен екпе жасата алмаған адамдарды қорғауы.
Әр популяцияда ұжымдық иммунитетке тәуелді адамдар болады, мысалы: иммундық жүйесінде жетіспеушілігі бар адамдар, иммуносупрессивті ем қабылдайтын адамдар (химиотерапия алатындар, мүше алмастыру жасатқандар және т.б. иммундық жүйесі әлсіз адамдар), АИТВ бар адамдар, жаңа туған нәрестелер, егде адамдар, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар. Популяцияда неғұрлым иммундылығы тұрақты адамдар, екпе алған адамдар саны  көп болған сайын ұжымдық иммунитет тиімді, нәтижелі болады. Вакцинаның тиімділігі (пайыздық үлесі) патогенді жою үшін жеткілікті иммунитет деңгейі бар адамдарды көрсетеді. Мысалы: «95% тиімділік», яғни 95% адамдар ауру жұқтырудан қорғалған. Өйткені егілген адамдарда ауру көзімен байланыс болған кезеңде патогенді жоятын антиденелер болады. Қазіргі таңда ифекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі кезеңде вакцинациялау арқылы жоюға қол жеткізген ауруларды қайтадан өршітіп алмауымыз міндет.

Гүлмира Өтепова,

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы

Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы