Дәріханалардан дәрі-дәрмек таппаған Ақтау тұрғындары алаңға жиналды – видео
Дәріханалардан дәрі-дәрмек таппаған Ақтау тұрғындары алаңға жиналды – видео
фото: видеодан алынды
216
оқылды
Дәріханалардан дәрі-дәрмек таппаған Ақтау тұрғындары алаңға шықты, - деп хабарлайды tengrinews.kz. "Ынтымақ" алаңында 20-ға жуық адам жиналды. Қала тұрғындары билік өкілдерінен дәрі-дәрмек мәселесін шешуді сұрады. "Дәріханаларда ештеңе жоқ. Физерітінді де еш жерде жоқ", - дейді жергілікті тұрғын Әлішер. Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев дәрі-дәрмектердің тапшылығы жоқ екенін айтады. "Қазіргі уақытта дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Дәріханаларда да бұрынғыдай дүрбелең жоқ. Біз жиналған адамдармен бірінші дәріханаға кірдік те айтылған дәрілерді сұрадық, үшеуінің екеуі бар болып шықты. Сондықтан байбалам салудың қажеті жоқ", - деп түсіндірді Ержан Күмісқалиев.
https://youtu.be/b5DkOBmQMko Видео: Lada.kz