Карантин аяқталғанша «Көбейтұзға» баруға тыйым салынды
Карантин аяқталғанша «Көбейтұзға» баруға тыйым салынды
Фото: Интернеттен алынды
Ерейментау әкімі Абай Әлжанов көлде демалушылардың көптігіне байланысты қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы 2020 жылдың 13 шілдесіндегі Ерейментау ауданы әкімі Абай Әлжанов өткізген жедел штаб отырысының хаттамасында аталмыш көлдерге қатысты нақты ереже жазылған.
«Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының өсуіне байланысты және Ақмола облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 04.07.2020 жылғы №86 бұйрығына сәйкес, «Аумақта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы», Ерейментау ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін – Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан «Көбейтұз», «Кұрбет», «Теңіз», «Қоржынкөл» және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады» делінген ресми хаттамада.
Соған қарамастан, «Көбейтұзға» баратындардың қатары азаймай отыр.