Нұр-Сұлтанда коронавируспен күрескендерге арнап ескерткіш қойылады
Нұр-Сұлтанда коронавируспен күрескендерге арнап ескерткіш қойылады
Фото: Интернеттен алынды
141
оқылды
Биыл мамыр айында мүсіншілер арасында байқау жарияланған, – деп жазады 24.kz. Байқауға елордалық мүсінші Ербол Зиябеков те қатысты. Ол өз туындысы арқылы қауіпті аймақта аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлер, полиция қызметкерлері және еріктілерге ризашылығын білдірмек. Мүсінші Ербол Зиябеков 10 жылдан астам уақыт қолөнермен айналысады. Қазақстан бойынша 10 ескерткіші бой көтерген. Қазір мүсіншілер үздік эскиздік жоба байқауында өз бағын сынап көрмек. Мүсінші коронавируспен күресте алғы шепте жүрген жауынгерлерге еңселі ескерткіш орнатуды көздеп отыр. Оның биіктігі 10 метр болады дейді.   [caption id="attachment_58926" align="alignnone" width="600"]коронавирус, дәрігер, ескерткіш, полицей Фото: Дерекөзден алынды[/caption]
Ербол Зиябеков: «Конкурстың талабы коронавирус жайлы. Коронавируспен волонтерлер, дәрігерлер, операторлар, журналист, дезинфекторлар да күресіп жатыр. Төбесінде біздің әлем. Індет бүкіл әлемді жайлағаннан кейін үстіне Жер шарын бейнеледік», – дейді.