Карантинге байланысты мекемелердің жұмыс істейтін уақыты тағы өзгерді

Карантинге байланысты мекемелердің жұмыс істейтін уақыты тағы өзгерді

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Пірәлиеваның қаулысында: «Қала тұрғындары арасында коронавируспен ауырғандар санының өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласында 19 шілдеде сағат 00.00-ден бастап 2 тамызда сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу карантиндік шаралары ұзартылсын» деп жазылған. 19 шілдеден бастап 2 тамызға дейін қалада бірқатар нысанның жұмыс уақыты өзгереді: Демалыс күні (далада) өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен азық-түлік жәрмеңкесінің жұмысы сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін; Тамақ өнімдерін сататын азық-түлік дүкендерінің (шағын маркет, супермаркет, гипермаркет) жұмысы сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін; Тұрғын үйлерде орналасқан тамақ өнімдерін сататын дүкендер жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін; Жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, мереке және демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынғанын белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), екінші деңгейдегі банктердің, ақша айырбастау пунктерінің, ломбардтардың, букмекер кеңселерінің жұмысын ұйымдастыруға; Автожуу, авто және тұрмыстық техниканы жөндеу қызметтерінің жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; Көшедегі азық-түліктің рұқсат етілген түрлері (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, көкөніс дүкендерін, балмұздақ, кофе және т. б.) саудасының жұмысын ұйымдастыруға жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін; орын саны 30-ға дейін болатын қоғамдық тамақтану нысандарының (кафелер, мейрамханалар) тек қана ашық ауада жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін; Гүл сататын дүкендер жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін; СОСО-дағы дәріханалар мен шағын маркет, супермаркет, гипермаркеттерге жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.