Кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз жүргізе алады
Кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз жүргізе алады

Формалды емес жұмыспен қамтылған адамдарға жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, «Бірыңғай жиынтық төлем» (БЖТ) деп аталатын жүйе Қазақстанда 2019 жылдың басынан бастап жұмыс істейді.

Төлемнің бұл түрі жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын табыс алу мақсатында формалды емес қызметті жүзеге асыратын, тек жеке тұлғаларға қызмет көрсететін, жеке тұлғаларға тұтыну үшін жеке қосалқы шаруашылықты пайдаланудан алынған ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын жеке тұлғаларға қолданылады.

Айта кету керек, БЖТ төлеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және МӘМС енгізілгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығымен медициналық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, БЖТ зейнетақы жүйесіне түсуді және жүйеге қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуды қамтамасыз етеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарын толықтырумен қатар, БЖТ төлеушілерге олардың еңбек өтілі есепке алынатын болғандықтан базалық зейнетақыны жоғарылатылған мөлшерде алуға мүмкіндік бар.

БЖТ төлеу еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілік және бала туғанда, бала асырап алғанда немесе бала күтімінде отырғандарға әлеуметтік төлемдер алуды қамтамасыз етеді.

БЖТ төлеу өз еркімен, қалауымен жүзеге асырылады.

ҚАНША ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ?

БЖТ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен есептеледіқала тұрғындары үшін- 1 АЕК (2525 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК (1263 теңге) құрайды (тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

БЖТ ТӨЛЕУ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ ЕСЕП БЕРЕДІ?

БЖТ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.

БЖТ ТӨЛЕУДЕН ҚАРАЖАТ ҚАЙДА ЖІБЕРІЛЕДІ?

БТЖ үлесі мынандай:

-10% - жеке табыс салығы;

-20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

- 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

ҚАЛАЙ ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ?

БЖТ төлеу мынадай деректемелер бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ-ның шотына екінші деңгейдегі кез келген банкте бірыңғай төлеммен жүзеге асырылады:

Атауы

Жаңа деректемелер

Бенефициар

ҰАҚ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

Бенефициар банкі

ҰАҚ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

Бенефициар БСН

БСН 160440007161

Бенефициар БСК

БСК GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК

KZ47009ESP0163609911

 

БЖТ қолдануға БОЛМАЙДЫ, егер:

Өз қызметін коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің аумағында, сауда объектілерінің (меншікті немесе жалға алынған) аумағында жүзеге асырса;

Мүлікті (тұрғын үйден басқа) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берсе;

Жеке кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға (оралмандарды қоспағанда) санаттарының біріне жатса.

МАҢЫЗДЫ!

Бірыңғай жиынтық төлемді қолдану үшін күнтізбелік жыл үшін алынған табыс сомасы 1 175 АЕК-тен аспауы тиіс.

Егер сіздің қызметіңіз немесе өнімдеріңіз үшін сіз жылына     1 175 АЕК-тен кем алатын болсаңыз, онда сіздің осы салық режимін қолдануға құқыңыз бар.

Мысалы:

2019 жылы АЕК мөлшері – 2 525 теңге. 

2019 жылы БЖТ үшін табыстың шекті жылдық сомасы   2 966 875 теңгені құрайды.  Егер сіздің табысыңыз бір жыл ішінде көрсетілген сомадан асып кетсе, мұндай жағдайда сіз БЖТ қолдануға құқыңыз жоқ.

Шымкент қаласы бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы