«Ешкім далада қалмайды» – Шығыс Қазақстанда нөсер жаңбырдан кейін шығын көлемі есептеліп жатыр
«Ешкім далада қалмайды» – Шығыс Қазақстанда нөсер жаңбырдан кейін шығын көлемі есептеліп жатыр
Фото: ТЖБ-ның баспасөз қызметінен алынды
136
оқылды
19 шілде күні кешкі уақытта Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылында нөсер жауын болып, салдарынан 10 тұрғын үйді су басты. Ауылдағы су деңгейі шамамен 20 сантиметрді құраған. Су басқаннан кейін үш шаруашылық құрылыстың саман қабырғалары жарым-жартылай құлаған. Топан су басқан үйлердің тұрғындары – 20 адам туыстарының үйіне жайғастырылды. Аудандық өрт сөндіру қызметкерлері суды мотосорғының көмегімен тартып алды. Барлығы 7000-ға жуық текше метр су сорып алынған. Қазіргі кезде үйлерден су кетті. Арнайы комиссия келген шығынды анықтап жатыр.