«Абай – дана, Абай – дара» атты поэтикалық музыкалық марафон
«Абай – дана, Абай – дара» атты поэтикалық музыкалық марафон
216
оқылды

Тамыздың 10-шы жұлдызында елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының туған күніне орай поэтикалық музыкалық марафон өтеді.

Мерекелік жиын барысында «Ұлы даланың дана ойшылы – Абай» және «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» иллюстрациялық-кітап көрмелері, «Abai поэмалары. Өлеңдері мен аудармалары. Қара сөздер. Әндері» және «Абай-челлендж» кітаптарының тұсаукесері, Ұлы Абайдың өлеңдерін және әндері оқылады. Сондай-ақ «Құнанбай» киносы көрсетіліп, «Абай ұлттың рухани гиппократы» атты дөңгелек үстел, «Абай бейнесі суреткерлер көзімен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылады.

Бұл шара Абай Күнбайұлының мерейтойы қарсаңында өткізіліп отыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 30 мамырында Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ЮНЕСКО) және Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (TURKSOY) қамқорлығымен өтетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды.

Іс-шараға жазушы, ҚР Мемлекетттік сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері Қажығали Мұхаметқалиев, фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбаев, жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алдан Смайыл, ақын,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Тобаяқов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлы, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Дәурен Қуат, журналист және жазушы, «Айқын» газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіп, ақын, аудармашы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғалым-хатшысы Төрегелді Рахман, танымал тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт, сондай-ақ, әнші, Республикалық жыршылар байқауының лауреаты, жас жыршы Айнұр Қонысбаева, әнші, актер, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, дәстүрлі әнші, актер Асқар Мұқият, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері, аудармашылар, әдебиеттанушылар мен әдебиет сыншылары, ғалымдар мен зерттеушілер, тарихшылар мен мәдениеттанушылар, дәстүрлі әншілер мен театр әртістері, кітапхана қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері қатысады.