Нұр-Сұлтанда балабақшалар қашан ашылады?
Нұр-Сұлтанда балабақшалар қашан ашылады?
107
оқылды
Нұр-Сұлтан білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елордада балабақшалар қашан жұмыс істей бастайтынын айтты.
«Бас санитар дәріг ердің қаулысымен мектепке дейінгі білім ұйымдарының жұмысына шектеу қойылған болатын. Бұл ретте кезекші топтардың жұмыс режимі елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Яғни, жұмыс режимі Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысымен айқындалады. Ата-аналарға мектепке дейінгі білім мекемелерінің жұмысындағы өзгерістер туралы қосымша хабарлаймыз», - деді Шолпан Қадырова қала әкімдігінің Facebook парақшасында өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, 5 шілдеде қатаң карантин басталуына байланысты балабақшалар уақытша жабылған болатын.