Синоптиктер Қазақстанда күзде ауа райы қандай болатынын болжады
Синоптиктер Қазақстанда күзде ауа райы қандай болатынын болжады
© сурет интернеттен алынды
173
оқылды
Синоптиктер Қазақстанда күзде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды "Қазгидромет"  РМК. Биылғы күзде елдің басым бөлігінде жылы болады.
Қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады, ал солтүстік, батыстың кей жерінде, шығыста және оңтүстік-шығыста жаңбыр нормадан аспайды.
Қазанда елдің солтүстік-батыс бөлігінде әдеттегіден көп жауын-шашын түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыс жартысында - нормаға жуық, республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік-батыс аймақтарының басым бөлігінде, оңтүстік пен солтүстік-батыстың кей жерлерінде нормадан төмен болады. Еске салайық, бұған дейін күзде коронавирустан екінші толқыны болуы мүмкін екені хабарланған болатын.