Жасотандықтар стационарға көмек жеткізді
Жасотандықтар стационарға көмек жеткізді
140
оқылды
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық ауруханасы көпбейінді провизорлық стационарға ауыстырылды. Науқастардың көптеп түсуіне байланысты ауыр науқастарға арналған матрас жетіспеушілігі байқалған болатын. Осыған байланысты «Jas Otan» ЖҚ Орталық аппаратының қолдауымен, демеушілердің көмегімен волонтерлер матрастарды сатып алып, ауруханаға табыс етті.
– Демеушілердің арқасында 35 матрас сатып алып, көп салалы провизорлық стационарға жеткіздік. Бұған дейін аурухана басшылығы матрастар мен төсек-орын тапшылығы туралы мәселені айтқан болатын. Сондықтан келесі аптадан бастап біз төсек-орын тігу бойынша жаңа акцияны іске қосуды шештік. Бірлескен күш – жігерімізді пайдаланып, қоғамға үлес қосатынымызға сенімдімін», – деді «Jas Otan» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Наурызбек Мағдатов.⠀
Өз кезегінде науқастарды емдеп жатқан дәрігерлер де жастарға алғыс білдірді.    width= – Қазіргі жағдайға байланысты барша қайырымды жандар бір кісідей ат салысып жатыр. Осыдан 4-5 күн бұрын облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы хабарласып, қандай қажетті құралдар керек екенін сұраған. Реанимациядағы науқастарға матрастар керек екенін айтып едім. Сол науқастарға 35 дана матрасты әкеліп тапсырып жатыр. Көмек үшін науқастар атынан «Jas Otan» ЖҚ орталық аппаратына, облыстық филиалының өкілдеріне, жастарға үлкен алғыс білдіремін! Біз бірге осы індетті жеңіп шығатынымызға сенемін!» – деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бас мейірбикесі Айтбибі Өтегенова.

Мадияр ТӨЛЕУ