Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық ауруханасы көпбейінді провизорлық стационарға ауыстырылды. Науқастардың көптеп түсуіне байланысты ауыр науқастарға арналған матрас жетіспеушілігі байқалған болатын. Осыған байланысты «Jas Otan» ЖҚ Орталық аппаратының қолдауымен, демеушілердің көмегімен волонтерлер матрастарды сатып алып, ауруханаға табыс етті.
– Демеушілердің арқасында 35 матрас сатып алып, көп салалы провизорлық стационарға жеткіздік. Бұған дейін аурухана басшылығы матрастар мен төсек-орын тапшылығы туралы мәселені айтқан болатын. Сондықтан келесі аптадан бастап біз төсек-орын тігу бойынша жаңа акцияны іске қосуды шештік. Бірлескен күш – жігерімізді пайдаланып, қоғамға үлес қосатынымызға сенімдімін», – деді «Jas Otan» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Наурызбек Мағдатов.⠀Өз кезегінде науқастарды емдеп жатқан дәрігерлер де жастарға алғыс білдірді.
Мадияр ТӨЛЕУ