Аталған жобаға «Nur Otan» партиясының өкілдері мен облыстық маслихат депутаттары үлес қосуда. Айталық, осыған дейін де қайырымдылық шараларға ұдайы үлес қосып, қаншама жандарға көмек көрсетіп, ел алғысын арқалап жүрген Түркістан облыстық маслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов өз қаражатына 2 жасанды тыныс алу аппаратын сатып алып, оны қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына табыстады.