Нұротандықтар рейдке шықты
Нұротандықтар рейдке шықты
273
оқылды

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз келешек қалып­тас­тыру – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Осыған орай Қостанай облысында қамкөңіл жандарға қамқорлық таныту бағытындағы шаруаларды ширата түсу көзделген. Бұл ретте Nur Otan партиясының белсенділігін айрықша айта кету керек. Облыс бойынша партиялық­тардың бастамасымен әлеуметтік әлсіз топтарға жататын жандар үшін біршама іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында Nur Otan партиясының Рудный қалалық филиалы шағын шаһардағы әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қаншалықты қолайлы екендігіне бақылау жүргізді.

Руслан Байғанин арбаға таңылса да, еш­қашан қоғамдық бастамалардан тыс қалған емес. Бұл жолы партиялықтардың мұ­рындық болуымен өткізген рейд шара­сына қатысты. Оның сөзінше, соңғы жыл­дары нұротандықтардың көмегімен кө­шелердегі пандустардың саны артқан. Ол алдағы уақытта, әлеуметтік нысан­дар­дың мүгедек жандар үшін одан ары қол­же­тімді болатынына сенім білдірді.

Партия өкілдері жоба аясында нысан­дар­дың мүмкіндігі шектеулі жандардың жү­ріп-тұру қолайлылығын тексеру мақса­тын­да рейд ұйымдастырды. Өңірде жа­рым­жан азаматтардың еркін өмір сүруіне ба­рынша жағдай жасалып келеді. Деген­мен кейбір кәсіп өкілдері мүгедектігі бар жан­дарды ұмытып кететін сияқты, – дейді шаһар тұрғыны Руслан Байғанин.

Рейд тобы өкілдері дүкендер, дәрі­ха­на­лар мен супермаркеттерді тексерді. Бірқатар нысандарда есік, баспалдақ, пан­дус өлшемдері арнайы талаптарға сай кел­мейді. Партиялықтар нысан бас­шы­ларына ескерту жасап, олқылықтардың ор­нын толтыру керегін баса айтты.

– Арбаға таңылған жандар үшін қо­ғам­дық орындарда қаншалықты жағдай жасалған? «Кедергісіз келешек» жобасы аясында рейдке шыққан партиялықтар осы сауалға жауап іздеп көрді. Жобаның мақ­саты – мүмкіндігі шектеулі азамат­тардың өмір сүруін жақсарту, олардың әлеу­меттік бейімделуіне қоғам назарын ау­дару, – дейді Рудный қаласы әкімінің мү­ге­дектер ісі жөніндегі кеңесшісі Серік Шайкенов.

Нұротандықтар алдағы уақытта да осын­дай рейд шараларын ұдайы ұйым­дастырмақ ниетте. Осы мақсатта олар сын-ескертпелер жасалған нысандарды тағы бір мәрте тексерістен өткізеді.