Жүк көліктерін жалғыз өзі сүйреп жүр
Жүк көліктерін жалғыз өзі сүйреп жүр
269
оқылды
 «Гір спортынан әлемнің үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы  Қуаныш Қыдырпатша бірнеше апта бұрын ғана «ГАЗ-53» жүк көлігін арқанмен тартып жүргізген болатын. Бірақ ол рекордын қайта жаңартпақ болған спортшы  «ГАЗ-53» жүк көлігіне тағы да «ЗИЛ-130» маркалы екінші ауыр мәшинені тіркеп, екеуін бірге 10 метрге дейін сүйреп апарды. Екі жүк көлігінің жалпы салмағы 8,5 тонна болады» – деп жазады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.    width= Қуаныш Қыдырпатша 2014 жылдан бері Зайсан қаласында тұрады. Қазіргі таңда гір спортынан шәкірт те тәрбиелеп жатыр. – Біздің спорт – экстрим, күштік спорт түрі ғой. Ауыр көліктерді сүйреп жүргізіп көруге қызығушылығым бұрыннан бар. Бұған дейін жеңіл мәшинелерді тартып көргенмін. Бұл арқа, аяқ бұлшық еттерін шынықтыруға жақсы. Карантин кезінде осы ойға алған ісімді жүзеге асырып көруге бел будым. Алдағы уақытта тағы да күшімді сынап көргім келеді. Шамамен, 18 тоннаны қозғалтып көрсем деймін, – дейді Қуаныштың өзі. Айта кетейік, осыған дейінгі биылғы мамыр айында шығысқазақстандық спортшылар – боксшы Темірлан Айтан мен армрестлинг спортшысы  Ораз Басаров пластик бөтелкелерін тіреп жерден кеудені көтеру бойынша екі «КинЭС» рекордын орнатқан еді.  Ол кезде Темірлан 120 рет екі платик бөтелкемен, ал  Ораз Басаров бір бөтелкемен 52 рет кеудесін жерден көтерген болатын. «КинЭС» бұл спортшыларға осы рекордтарын растайтын құжаттарын жақын күндері табыстамақ.

Дәурен АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ, 

Шығыс Қазақстан облысы