Nur Otan рейд жүргізіп, дәріханалардағы олқылықты анықтады
Nur Otan рейд жүргізіп, дәріханалардағы олқылықты анықтады
Пандемия өршіген кезде халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып отыр. Өкінішке қарай, жағдайды пайдаланып, пайдаға кенелгісі келгендер де жетерлік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі бағасын заңсыз қымбаттатқандарды анықтауды және бағаға бақылау жүргізуді тапсырды. Осыған орай бүгін Көкшетау қаласында және Ерейментау, Сандықтау аудандарында  аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Абжиков және партия филиалының бақылау комиссиясы дәріханаларға рейд жүргізді. Комиссия құрамында аудандық мәслихат депутаттары бар.  width= Тексеріс қорытындысы бойынша,  дәріханалардың сұранысы толық өтей алмай отырғаны анықталды. Анығын айтсақ, дәрі-дәрмек жеткізуші фирмалар парацетамо́л, ацетилсалицил қышқылы, цефазоли́н дәрілерімен жергілікті тұрғындарды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Енді осының себебін анықтау үшін жеткізуші фирма иелерінің байланыс деректері алынып, басшыларының атына сұранысхат әзірленіп жатыр. –Жергілікті тапсырыс беруші дәріханаларда  кінә жок. Кінә жеткізуші ЖШС мен қойма мекемелерінде. Олар сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр, – дейді "Nur Otan" партиясы Ерейментау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Медеу Абжиков. Комиссия мүшелері жағдайды бақылауға алмақ.