Жасотандықтар дәрігерлерге қуаныш сыйлады
Жасотандықтар дәрігерлерге қуаныш сыйлады
5,141
оқылды
Елімізде «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясы өтіп жатқанынан көпшілік хабардар. Осы акция арқылы төрт айға жуық уақыттан бері өз өмірлерін қатерге тігіп, аты жаман індетпен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға көпшіліктің ризашылығын білдіруге «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалы еріктілері де өз үлестерін қосуда. Олар коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға қолдау көрсету мақсатында «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясына барынша атсалысуда.    width= Қазіргі таңда әлем назары «COVID-19» инфекциясын ауыздықтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ауып отыр. Бұл ретте өзгелердің өмірін құтқаруда жан аямай еңбек етіп жатқан дәрігерлердің еңбегін ерлікке тең деуге болады. Қайырымдылық акциясы аясында еріктілер 800-ден астам денсаулық себетін дайындап, ол жалпы 14 аурухана дәрігерлеріне табысталды. Жиынтық иммунитетті көтеру және нығайтуға арналған өнімдерден құралған. Жасотандық волонтерлер акция барысында Психикалық денсаулық орталығы, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, №4 және №7 қалалық клиникалық аурухана мен Қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасы қызметкерлеріне денсаулық жиынтықтарын табыстады.
– Бүгін акцияның бастау алғанына бесінші күн. Осы уақыт аралығында біз 800-ге жуық пакет дайындап, қаламыздағы аурухана дәрігергерлеріне алғыс себетттерін табыстап қайттық. Дәрігерлермен кездесіп, сәл де болса сол кісілердің жүздеріне жылулық сыйлай алғанымызға қуаныштымыз. Расында да, дәрігерлер бүгінгі күннің батырларына айналғаны сөзсіз! Медицина қызметкерлеріне күш-жігер мен шыдамдылық тілей отырып, оларға алғысымды білдіремін! – деді «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының алматылық волонтері Нұрсәулет Ғалымжанқызы.
Акцияның өтуіне Алматы қаласы бойынша коронавирустың алдын алу және болдырмау ведомствоаралық комиссия қолдау көрсетті. Ал денсаулық себеттерін табыстауға арнайы дайындықтан өткен еріктілер жұмылдырылды. Олардың әрқайсысы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Акция барысында барлық сақтық шаралары ескерілді.