Инфекционист қандай маска коронавирустан жақсы қорғайтынын айтты
Инфекционист қандай маска коронавирустан жақсы қорғайтынын айтты
© сурет интернеттен алынды
5,126
оқылды
Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова маскалардың ішінде қайсысы коронавирустан жақсы қорғайтынын айтты.
"Адамдар қолданып жүрген масканың бірнеше түрі бар. Біреулер өз қолынан тігеді, біреулер дәріханадан сатып алады. Зауытта жасалған маскалар үш қабатты және олар тығыздалған, сондықтан вирустардан жақсы қорғайды. Ал үй маскасының әсері матасына байланысты. Бірақ ең басты шарт  - масканы тағу және жиі ауыстыру. Масканы әр үш сағат сайын ауыстыру керек, масканы шешіп, қалтаға салып, содан кейін қайта тағуға болмайды. Шешіп тастасаңыз, жаңасын кию ккрек", - деді дәрігер.
Сонымен қатар пайдаланылған медициналық маскаларды кәдеге жарату ережелері туралы айтты. Дұрысы оларды қоқыс жәшігіне немесе контейнерге тастамай, пластикалық қаптарға салу керек.