Қазақстанға Түркиядан өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді
Қазақстанға Түркиядан өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді
163
оқылды
Қазақстанға Түркиядан гуманитарлық көмек ретінде 5 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді, - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Кеше таңертең Алматы қаласының әуежайына аппарат толық жиынтығымен жеткізілді. Өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын індетпен күресті қолдау ретінде Қазақстанға Beko тұрмыстық техникасының еуропалық бренді жіберді. Өмірді сақтап қалуға арналған жабдық Түркияның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен ынтымақтастықта жобаланып, жасап шығарылды және ол қауіпсіздіктің барлық халықаралық талабы мен стандартына сай келеді", - делінген хабарламада.

Ведомстводағылар әкелінген аппараттар Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ЖШККА) берілгенін атап өтті.

"Компанияның өкпенді жасанды тыныс алдыру аппаратын індеттің алғашқы кезеңінде вируспен күрес жүргізіп жатқан елдерге сыйға тарту ниеті бар. Аталған бастама аясында 5 аппаратты Қазақстан алды. Қазіргі уақытта, келген аппараттар кедендік тексеруден өтіп, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ЖШККА) берілді", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.