Қазақстанға Түркиядан гуманитарлық көмек ретінде 5 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді, - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Кеше таңертең Алматы қаласының әуежайына аппарат толық жиынтығымен жеткізілді. Өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын індетпен күресті қолдау ретінде Қазақстанға Beko тұрмыстық техникасының еуропалық бренді жіберді. Өмірді сақтап қалуға арналған жабдық Түркияның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен ынтымақтастықта жобаланып, жасап шығарылды және ол қауіпсіздіктің барлық халықаралық талабы мен стандартына сай келеді", - делінген хабарламада.