Волонтерлер қарағандылық дәрігерлердің тілегін орындады
Волонтерлер қарағандылық дәрігерлердің тілегін орындады
5,148
оқылды
Коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында «Nur Otan» партиясы, партияның облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының өкілдері облыс бойынша «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясын өткізуде. Акцияны еріктілер, меценаттар, партияның белсенді мүшелері және депутаттар қолдады. Бірнеше апта бойы Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы базасында инфекциялық-провизорлық госпитальға қолдау көрсетілуде. Онда күн сайын 2 ауысымда 120-дан астам медицина қызметкері еңбек етіп жатыр. «Алғыс пакеті» медицина қызметкерлерінің тілектерін ескере отырып жасақталды. Олар ыстықта күні бойы арнайы костюмдер, маскалар мен қолғап киіп жүруге мәжбүр. Аталған жиынтықта осы ыңғайсыздықты жеңілдету үшін барлық қажетті нәрсе бар. Біздің дәрігерлер үшін әр «Алғыс пакетіне» қол кремі, ылғалды майлықтар, иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер, атап айтқанда, бал, лимон, минералды су, табиғи сусындар және басқа да өнімдер салынды.  width= «Біз, партия филиалының жастары, жасотандықтар мен партиялықтардың атынан біздің батыр медицина қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Инфекцияны тез жеңуді, аурудан айығуды тілейміз! Бұл кезеңде бір-бірімізді сақтап, бірлесуіміз қажет. Қарағандылықтарды бетперде киіп, карантиндік шараларды сақтауға шақырамыз. Бұл біздің дәрігерлерімізге ауыр науқастарға дер кезінде және сапалы көмек көрсетуге және инфекцияны жеңуге үлкен мүмкіндік береді», – деді «Jas Otan» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының белсендісі Айман Оразбек.  width= «Jas Otan» ЖҚ 50-ден астам еріктісі бірнеше апта бойы өз отбасынан оқшаулануға мәжбүр болған орта буын медицина қызметкерлеріне «Алғыс пакеттерін» таратуды ұйымдастырмақ.