Жозе Моуриньо туған өлкесін көрсетті. Бапкер өмірі, карьерасы, алдағы жоспары жайлы (видео)
Жозе Моуриньо туған өлкесін көрсетті. Бапкер өмірі, карьерасы, алдағы жоспары жайлы (видео)
211
оқылды

Ұлттық құрамамен жұмыс істеу - менің шаруам емес

Sky Sports журналисі Гари Коттерилл әйгілі португал бапкері Жозе Моуриньомен бірге бапкердің туған қаласы – Сетубалға саяхат жасаған.

«Қазір демалыстамын. 20 жылдан бері алғаш рет осындай демалыстамын. Достарым: «Жақсылап демал» деп тілек білдіріп жатыр. Бірақ менің рахат күй кешуім үшін мұндай демалыс жеткіліксіз. Маған футбол керек» дейді ол.

ТОП-5 чемпионаттан ұсыныс түссе қарастыруға дайынмын. Ал ұлттық құрамамен жұмыс істеу - менің шаруам емес. Айына бір рет ойнап, қалған уақытта кеңсе жұмысымен бас ауырту, одан екі жыл Еуропа чемпионатын, тағы екі жыл Әлем чемпионатын күтуге шыдамым жетпейді».

ruee8471bbb26.png

«Мен ағылшын, испан, португал, француз, италян тілдерін білемін. Ал қазір неміс тілін үйреніп жатырмын».

«Бапкерлік жұмыстағы ең бастысы – харизма. Ол тіпті академиялық білімнен, футбол тәжірибесінен, футбол туралы оқыған-тоқығаныңнан да маңызды. Харизмасы бар бапкер кім десе Бобби Робсонды айтар едім».

«Неге менің алаңдағы және алаң сыртындағы мінезім екі түрлі. Өйткені мен өте жабық адаммын. Бұл – кемшілік. Жұмыс істеген кезде жалғыздықты жақсы көремін. Менің ойымша футбол бапкері – көп жағдайда жалғыз адам. Себебі, ол өз ойларымен, сезімдерімен, шешімімен бетпе-бет кездеседі. Әрине, сенде көмекшілер болады. Бірақ шешім қабылдайтын сәтте жалғызсың. Бұл – үлкен жауапкершілік».

Сетубалда Жозе бапкерлік мансабын бастаған. Жергілікті «Витория» командасының жасөспірімдер командасында жұмыс істеген. Аталған команданың стадионына жақын маңда Жозенің отбасы тұрған. Анасы әлі күнге сол маңдағы көпқабатты үйде тұрады. Мына жерде бала Жозе достарымен бірге футбол ойнаған. Қазір ол орынға автотұрақ салып тастапты. 

rueab8e36f998.png

Қалада тіпті Моуриньо атындағы көше бар. Бапкер бұл үшін өте қатты ыңғайсызданады, сол үшін көшені байырғы атауымен атайды.
 

rue58d95236f7.png

«Сетубалдан Лиссабонға көшкен кезде қиналдым. Оған дейін мектеп мұғалімі болып жұмыс істедім, өмір тып-тыныш еді. Ал қазір Лондонда тұрамын. Бірақ ерте ме, кеш пе қандай да бір жаңа клубты баптаймын. Қайда жүрсем де Сетубалды ұмытпаймын».

https://youtu.be/LxmHQnuNRng