Жерлеу бағасын көтерген зират қызметкерлері ұсталды
Жерлеу бағасын көтерген зират қызметкерлері ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
194
оқылды
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда 8 адам зират қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне шағымданған. Олардың айтуынша, зират қызметкерлері бекітілген сомадан бөлек тағы 70-80 мың теңге үстеме төлеуге мәжбүрлеген. Олар қайтыс болған адамдардың туыстарынан көму ақысынан бөлек қосымша ақша бопсалаған. Бұл қосымша ақыға чек берілмеген. Зират қызметкерлері ақшаны заңсыз иемденген. Жақынынан айырылып қайғы жұтқан адамдарға моральдық, материалдық шығын келтірілді. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Кешенді тексеру жұмыстарының нәтижесінде екі адам ұсталды. Жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан былай зират басындағы заңсыздықтарды полицейлер бақылайды.