COVID-19: Науқастар мен қайтыс болғандардың саны азайды - Алексей Цой
COVID-19: Науқастар мен қайтыс болғандардың саны азайды - Алексей Цой
Фото: Интернеттен алынды
125
оқылды
«Жүргізілген жедел шаралардың арқасында екі аптаның ішінде мынадай оң нәтижелерге қол жетті: тәулігінде коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайды. COVID-19 ауруынан жазылғандардың саны 60 пайызға жетті. Жедел жәрдем шақыру 23 пайызға төмендеді. Провизорлық төсек-орындардың жүктемесі – 20 пайызға, жансақтау бөлімінің жүктемесі – 6 пайызға төмендеді», – деді Алексей Цой.
Министрдің айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес дәрі-дәрмекті сертификаттау мен тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, бір реттік тасымал процедурасы жетілдірілді.
«Арнайы жүк порттарының тасымалын арттыру арқылы дәріханаларды дәрі-дәрмекке толтыру жұмысы жүріп жатыр. Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қоры құрылды. Амбулаториялық дәрі-дәрмек тізімін кеңейту жұмыстары қолға алынды. Дәрі-дәрмектің 1 айлық қоры жасақталуда. Осы жылдың 22 шілдесіне дейін еліміздегі медициналық ұйымдар бір айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіледі», – деді ол.