«Реал» Неймарды өз қатарына қосу үшін ПСЖ-ға 200 млн еуро ұсынды
«Реал» Неймарды өз қатарына қосу үшін ПСЖ-ға 200 млн еуро ұсынды
211
оқылды

Клуб 27 жастағы ойыншыны 1 тур матчына шақырмаған

Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес ПСЖ шабуылшысы Неймарды алу үшін оған бес жылдық келісімшарт және жыл сайын 40 миллион еуро жалақы ұсынған.

Егер шабуылшы бұл ұсынысқа келісетін болса онда «Барселона» футболшысы Лионель Мессиден кейінгі ең көп жалақы алатын ойыншы атанбақ.

Бірақ футболшының өзі әлі де Каталонияға оралудан үмітті болғандықтан әлі шешім қабылдауға асығар емес.

Франция чемпионатының 1 турында 11 тамыз күні париждік клуб «Нимге» қарсы ойнайды. Соңғы дерек бойынша клуб 27 жастағы ойыншыны бұл матчқа шақырмаған. Бұл жағдай оның трансферлік мәселесіне қатысты болуы әбден мүмкін.

«Қазір қарқынды келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бірақ әлі бір уағдаға келмедік. Не боларын көреміз» депті ПСЖ-ның спорттық директоры Леонардо.