Чемпиондар лигасы: Қазақстандық команда өз тобында көш бастады
Чемпиондар лигасы: Қазақстандық команда өз тобында көш бастады

Енді қарымта кездесу 13 тамыз күні өтеді

Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» әйелдер футбол командасы Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде эстониялық «Флораны» сырт алаңда жеңіп, келесі кезеңге шығу мүмкіндігін арттыра түсті.

Эстонияда өткен кездесу 2:0 есебімен қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды. 13 және 19 минутта Алина Литвиненко гол соқты. Осылайша, шымкенттік команда екінші жеңіске қол жеткізіп отыр. Бұл біздің команданың 6 топта көш бастауына мүмкіндік берді. Тағы да алты ұпай жинаған финляндиялық ПК-35 командасы қосымша көрсеткіштер бойынша «БИІК-Қазығұрттан» қалып келе жатыр.

Бірінші іріктеу кезеңінде біздің команда Фарер аралдарынан келген «ЭБС/Скала» командасын 9:0 есебімен ойсырата жеңген.

Енді қарымта кездесу 13 тамыз күні өтеді. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21:00-де. Топ жеңімпазы Чемпиондар лигасының 1/16 кезеңіне жолдама алады. Әрі қарайғы жеребе жайы 16 тамыз күні Ньонда белгілі болмақ.